Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керчь колледжіндегі жарылыс: Қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Қырымның Керчь қаласындағы колледжде болған жарылыстар мен атыс кезінде қайтыс болғандарды туыстары танып, тұлғасы анықталды.

Ресей колледжіндегі жарылыс: Қаза тапқандардың есімі белгілі болды

Сурет: Сергей Мальгавко/ТАСС

Бұл туралы қалалық әкімшілік басшысының орынбасары Дилявер Мельгазиев мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Қайтыс болғандардың есімі белгілі болды. 20 адамның бәрін туыстары таныды», – дейді Дилявер Мельгазиев.

Мельгазиевтің сөзінше, оқиға салдарынан қайтыс болғандардың барлығы студенттер мен колледж қызметкерлері болған.

«Қайтыс болғандардың 15-і – студенттер. Олардың алтауы кәмелетке толмаған. Сонымен қатар 5 ересек – мекеменің қызметкерлері», – дейді қалалық әкімшілік басшысының орынбасары.

Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы колледжде жарылыстар болып, атыс орын алды. Оқиға салдарынан 20 адам көз жұмып, 50-ге жуығы зардап шеккен. Олардың дені – жасөспірімдер. Ауурханаға жеткізілгендердің 10-ы ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр.

Артынша анықталғандай, қайтыс болғандардың көбі оқ жарақатынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ғимаратта жарылыс болып, артынша сыртқа жүгіріп шыққан адамдарға оқ жаудырылған. Желіде сұмдық жағдайдың видеосы пайда болған еді.

Оқиғаға қатысты «Теракт» бабы бойынша с қозғалып, артынша ол «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау