Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанға С-300ПС зымыран жүйесін ақысыз тапсырды

Ресей бірлескен аймақтағы әуе қорғанысын нығайту үшін Қазақстанға С-300ПС зенитті зымыран кешенін тапсырды», – деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанадағы Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуінде.

bc9a481df8b76f6e1c6baa6469b70785

Сурет: www.express-k.kz 

«Ресей-Қазақстан ара қатынасын дамыту мақсатында әуе қорғанысы саласына көп көңіл бөліп жатырмыз. Бірыңғай аймақтық әуе қорғанысына қарсы жүйені нығайту үшін Қазақстанға С-300ПС зенитті зымыран кешені мен ракеталарды ақысыз тапсырдық», -деп ТАСС агенттігі сәрсенбі күнгі Сергей Шойгудың сөзін келтірді.

Шойгудың сөзінше, Қазақстан мен Ресейдің әскери-өнеркәсіптк кешенінде нәтижелі әріптестік перспективалар бар. «Біз ортақ әрі сенімді қорғаныс потенциалын қалыптастыруға басымдық танытамыз. Біздің әскери және әскери-техникалық  әріптестік ауқымын кеңейткіміз келеді», – деді РФ-ның Қорғаныс министрі.

Ол Ресей Федерациясының Қазақстанға әскери құрылыс жөніндегі барлық мәселе бойынша көмек көрсете алатынын айтып өтті.

Айта кетейік, Сергей Шойгу Қазақстанға Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өтетін Қорғаныс министрлігінің жиынына қатысуға келген.

Талқылау