Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Федерациясымен соттасқан қазақстандық азамат Европалық сотта жеңіске жетті

Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі европалық сот Орал тұрғынының өтінішін қанағаттандырды. Тұрғынға еш негізсіз Ресей Федерациясына баруға тыйым салынған.

2046431

Бұл туралы “Уральская неделя” хабарлайды.

Мұрат Қаменов Орал мен Саратов арасында жеке көлігімен жүк таситын. 2014 жылы сәуір айында ол Саратовтан қайтып келе жатып, “Озинки” шекара бекетінде әрі қарай жіберілмейтінін естиді. Белгілі болғандай, Федералдық қауіпсіздік қызметі оның Ресей аумағына кіруін ұлттық қызығушылықтар үшін қауіпті деп таныған.

Мұрат Қаменов 2000 жылдан бері Ресейде тұрып, жүк тасумен айналысқан. Бірақ, сол уақыт ішінде бірде-бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және әкімшілік құқық бұзушылық та жасамапты. Ресейде оның отбасы, балалары және үйі бар. Шекараның бергі бетіне шығып қалып әрі өте алмаған ер адам бірнеше апта бойы өзінің көлігінде түнепті.

“Мен бұл жағдайға сенбедім, сөйтіп көлігіме қондым. Бәрі ойлады бұл уақытша түсініспеушілік деп”, – дейді Мұрат.

Ақыры жағдайға көндіккен ол пәтер жалдап, Ақсай, Атырау, Орал арасына жүк таси бастайды. Отбасымен бастапқыда интернет арқылы сөйлескен. Кейін келіншегі қасына келіпті.

Кейінірек Мұрат Саратовта адвокат жалдап, соттаса бастайды. Алғашқыда федералдық шекара қызметімен, сосын федералдық қауіпсіздік қызметімен, сөйтіп жүріп мәселе РФ жоғарғы сотына жетіп, бірақ жеңіліс табады. Осыдан соң ол Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі европалық сотқа шағымданған.

Шағымды Женева конвенциясына қол қойған 8 елдің өкілдері шағымды бірнеше ай қарайды. 2017 жылы 7 наурызда бір келісімге келген өкілдер Мұраттың шағымын қанағаттандырған.

Сот шешімінде Ресей үкіметінің жағдайға лайықты түсініктеме бермегені айтылған. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша Ресей үкіметі шағымданушыға моральдық және материалдық шығынның өтемі ретінде 12 500 евро төлеуі тиіс. Сот үкімі 2017 жылдың 7 маусымында өз күшіне енеді.

Оқи отырыңыз:

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Талқылау