Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елші: Ресей Қазақстанның латынға өтуін қолдайды

ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Федералды жиналысының Мемлекеттік думасы комитеттерінің кездесуінде Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников Ресейдің Қазақстанның мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруін құрметтейтінін айтып өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Ресей тәуелсіз Қазақстанның алдағы уақытта мемлекеттік тілді латынға көшіруі туралы шешіміне түсіністікпен әрі құрметпен қарайды”, – дейді Ресей елшісі. Мұнымен қатар, Михаил Бочарников Қазақстанда орыс тілінің позициясы сақталып отырғанын, Қазақстанның орта мектептерінде орыс тілін оқытудың жалғасып жатқанын да ерекше айтып өтті.

“Республика басшылығы орыс тілін ел тұрғындарының еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени басымдығы ретінде қарастырады. Қазірдің өзінде Қазақстанның ресми истанциясынан орыс тілі мұғалімдерінің жоғары деңгейде қажет етілетіндігі байқалып отыр. Яғни олардың санын арттыруға да қызығушылық бар. Сонымен қатар, ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдарының ашылатындығынан хабардармыз. Ресей тарабы мұндай бастамаларды қолдауға дайын», – деді Бочарников.


Жіберіп алмаңыз:

Атамбаев: Менің қызымды Қазақстанмен шегарадан өткізбей ұзақ ұстаған, ол жыларман күйде болды

Ол жақта жер көп: Атамбаев ел саясатын қолдамайтын қырғызстандықтарға Қазақстанға баруға кеңес берді

Назарбаевтың “егізі” әділдік үшін өзін өртеуге дайын екенін айтты (фото)

Париждегі қазақ бишісі өнерімен Франция жұртын тәнті етіп жүр (фото)

Талқылау