Ресей бізбен санаспайды: Үкімет мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтағы теңсіздікті тоқтату керек деген мәселе көтерді

Еуразиялық экономикалық одақтағы теңсіздікті тоқтату керек. Үкімет мүшелері, сенаторлар мен кәсіпкерлер бірауыздан осыны айтуда. Себебі, әріптес боламыз деген елдердің шекарасы тауар өндірушілер үшін өтпес қамалға айналып кеткен. Ең негізгі тәртіп бұзушы кім?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы біраз уақыт өтті. Артықшылықтары туралы көп айтылып-ақ жүр. 180 млн халқы бар нарықта қандай мәселе болуы мүмкін дейсің оны естіп. Бірақ бірлесіп сауда жүргізейік деген елдер бір-біріне құшақ ашып отырғаны шамалы екен.

«Ұйымға мүше мемлекеттер арасында серіктестерінің мүдделерін ысырып, ішкі нарығын қорғау фактілері әлі байқалуда. Еркін саудаға тауар транзиті кезіндегі қиындықтар, кейбір өнімдерге негізсіз тыйым салынуы, жергілікті өңірлік билік өкілдерінің кедергілері тосқауыл болуда. Біздің елдер арасында құжат бойынша кедендік шекара болмағанымен, астыртын кедергілер бар», – дейді сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отандық тауар өндірушілер Ресейге экспортқа келгенде кедергіден бас көтере алмай қалады екен. Ортақ құжаттарда жоқ талаптарды ойлап тауып, шекарада кеденшілері тосқауыл қойып жүр. Ол туралы ауыл шаруашылығы министрлігі дерек келтірді.

«Ресей Федерациясы тауарды тоқтатқан кезде ешқандай ескерту жасамайды. Біз ол туралы көбінесе тек бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп қаламыз. Не үшін шектегенін құжатпен де дәлелдей алмайды. Мысалы, жуырда елімізден экспортталатын консервідегі ет өнімінің құрамында кадмий шамадан тыс асып кеткен деді. Өздерінің зертханасы шығарған нәтижеге қарағанда, керісінше, рұқсат етілген межеден үш есе аз екені көрсетіледі», – дейді Ауылшаруашылық министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.

Импорт-экспорт өсуде деген есеп жылда айтылады. Бірақ көрсеткіштер одан да жоғары болар ма еді. Астыртын шектеулер оған жол бере қоймас әлі.

«Былтыр Ресей жағы шекарадағы ветиринарлық бақылауды негізсіз күшейтті. «Россельхознадзордың» құйтырқы әрекеттері тез бұзылатын ет өнімдерінің экспортына зиянын тигізіп жатыр. Біз оларға қарсы шара қолданбаймыз. Бірақ Ресей нарығындағы біздің тауарлар қыспаққа алынуда», – дейді кәсіпкер Дәулет Ахметқалиев.

Ішкі сауданы қойып, ұйымға мүше емес елдермен де алыс-беріс қиындаған секілді. Еуропадан Ресей арқылы тасымалданатын тауарлар туралы да сөз қозғалды. Ресейдің санкциялық соғыстарының салқыны одақтағы өзге мемлекеттерге де әсер етіп жатқан көрінеді.

«Қазақстанға пестицидтерді әкелетін еуропалық жеткізушілерге Ресей тарапынан анти-демпингтік баж салығын салу туралы қарастырылып жатқаны туралы ақпараттар жарияланды. Мұндай шара өз кезегінде Қазақстанға әкелінетін пестицидтердің бағасының қымбаттауына әкелетіні белгілі», -деді сенат депутаты Абдалы Нұралиев.

«Біз өз тарапымыздан Ресей федерациясымен бірге өткізу пункттерін тізбесін бекіттік. Еркін бағыттарын бекіттік. Егер Батыс елдерінің тауары сол бағыттар бойынша жүретін болса, ешқандай кедергілер болмайды», – дейді ҰР Ұлтты министрі Тимур Сүлейменов.

Кәсіпкерлер тап болатын мәселенің шешілуі тым ұзаққа созылып кетеді. Өйткені онымен тікелей айналысар орган тапшы. Оның үстіне бізге шектеу қойылғанымен, жауапты тосқауыл қоймайтынымызды әріптес елдер дұрыс түсінбей жүрген секілді. Ондай тәжірибені доғару керек дейді сенаторлар. Егер өзге елдің кәсіпкері де мәселе көтерсе, шешілуі жылдамырақ болады деген болжам бар.

«Біздің тауарды кіргізбей қойды ма, көп ойланбастан сол күні біз де қарсы шектеу қоюымыз керек. Сол кезде мүдделі тұлғалар жылдамырақ қимылдай бастайды. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінде арнайы орган құрылуы керек. Күнделікті туындаған мәселелермен айналысып, сейсенбі сайын өтетін үкімет отырысына шығарып отырғаны жөн», – дейді Дариға Назарбаева.

Сыныққа сылтау болмасын деді ме, әріптес мемлекеттегілер дұрыс түсінсін деді ме, әйтеуір бар базына мемлекеттік тілде айтылмады. Жалпы жиындағы баяндамашылар кіріспе сөзін ғана мемлекеттік тілде жеткізумен шектелді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар