Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматына 100-ге жуық әйелді зорлады деген күдік тағылуда

2015 жылы қараша айында Беларусияда ұсталған Ресей азаматына 100-ге жуық әйелді зорлады деген күдік келтірілуде.

img_176797db7170cc05e7ca8c630d85cfda

Бұл туралы облыстық атқарушы комитеті министрлігінің Ішкі істер бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Күдікті  Ресей азаматы 20 жылда жүзге жуық әйелді зорлағанын айтып отыр. Оның әрекетінен жапа шеккендердің шамамен жартысы ғана белгілі болды, қазір қалғандары кім екені анықталу үстінде”, – деп атап өтті облыстық милицияда.

ІІБ-да бұл жерде өткен жылы қараша айында Брест және Минск аумағында бірқатар зорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған 45 жастағы Ресей Федерациясының азаматы туралы сөз болып отырғанын түсіндірді. Санкт-Петербор тұрғыны Брест облысында тұратын туыстарына жиі барған.  “1994 -2014 жылдар аралығындағы осы сапарлар барысында ол зорлық-зомбылықты іске асырып отырған”, – деп атап өтті ІІБ.

Құқық қорғаушылардың ақпаратынша, күдіктінің әрекетінен түрлі жастағы нәзік жандылар жапа шекті. Солардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда сиыр етін жеді деген күдікпен мұсылман әйелі мен оның 14 жастағы сіңлісін зорлаған

Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды

Қазақстандағы педофилдер көп кездесетін аймақтар анықталды

Талқылау