Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматшасы ұшақтан кешігіп, апаттан аман қалғанын айтты

Ростов қаласында апатқа ұшыраған ұшаққа кешігіп қалған ресейлік Эльвира Исаева аман қалғаны үшін кімге алғыс айтарын білмейді.

packing-your-style

Сурет: shutdownday.org 

Ол Дубай қаласында туған күн кешінде болып, ертеңінде ұшаққа ұйықтап қалған.
«Қалай болғанын өзім де түсінер емеспін. Бұл таза кездейсоқтық. Мен туған күнде болып, кешігіп қалдым. Таңертең маған телефон соғып: «Тірісің бе?» дегендерді басында түсінбедім. Мені періштем қақты ма, әлде анамның дұғасы қабыл болды ма, білмеймін», -дейді Элвира Исаева.

Талқылау