Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Қазақстанға келді

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы сенімді және қарқынды дамып келе жатқан өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын атап өтті.

Бұл туралы Ақораның ресми сайтыны сілтей отыра Stan.kz хабарлайды.

“Жақында мен Владимир Путинмен кездестім. Біздің екіжақты ынтымақты қатынастамыз және оны сақтауымыз керек », – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудегі және аймақаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін көрсете отырып, Дмитрий Медведевке екіжақты әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде РФ Үкіметінің төрағасы өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының өсуі екенін атап өтті.

“Қазақстан – Ресейдің стратегиялық әріптесі және одақтасы. Біздің қарым-қатынастар ауқымдылығымен және тереңдігімен ерекшеленеді, бұл жоғары деңгейдегі қарқынды байланыстар мен үкіметтер, бизнес-қауымдастықтардың озық қарым-қатынастарының дәлелі. Бір жыл ішінде әр түрлі жерлерде жиі кездестік. Бұл қуанышты, өйткені мұндай байланыссыз толыққанды өзара әрекеттесу мүмкін емес», – деді Медведев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар