Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Renzo” тобы алғашқы бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Бірнеше топқа жетекшілік етіп жүрген Алуа Қонарова жаңа жобаны таныстыратынын айтып, көпшілікті елең еткізген болатын. Мұнымен қатар, “Renzo” тобының видео күнделіктерін жүргізген-ді. Енді міне “Гәкку әуендері” кешінде тұсауы кесілген топ өздерінің алғашқы бейнебаяндарын ұсынды.

image

Фото: instagram.com/renzo_kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыған дейін “RinGo” тобының продюсері Алуа Қонарова өзінің жігіттерден құралған “Renzo” атты жаңа жобасын таныстырған болатын. Тіпті, топтың атын қою үшін продюсер байқау ұйымдастырып, нәтижесінде осы жапондық атауды таңдаған. Топтың алғашқы композициясының сөзі мен өлеңін “RinGo” тобының беделді мүшесі Батыр Байназаров жазған.

Топ Жанболат Ертаев, Ержан Жүнісов, Асқар Ахмет және Есет Жарылқасымов есімді төрт жігіттен құралған. Олар өздерінің алғашқы “Bounce” атты әнге түсірілген бейнебаяндарын ұсынды.

Бейнебаянды көрген желі қолданушылары олардың “Ninety one” тобына ұқсайтындықтарын айтқан. Мұнымен қатар, бастамасы жақсы болғанмен, әлі де жұмыс істеу керектігін тілге тиек еткен.


Оқи отырыңыз:

“Ringo” мен “Aymi” топтары бір айлық демалыстарын бірге өткізді

Алуа Қонарова «Renzo» тобының жаңалықтарымен бөлісті

Gakku арнасы қазақ эстрадасының ең үздік әншілеріне естелік сыйлықтарын табыстады

Продюсер Алуа Қонарова орыс тілді сауатсыз журналистерге ескерту жасады

Талқылау