Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Регина Вандышева “Әлем аруы – 2015” байқауында Аида Кауменованың ұлттық нақыштағы туындыларын көрсетті 

“Әлем аруы – 2014” титулының иегері Регина Вандышева Қытайда өтіп жатқан “Әлем аруы” байқауына еліміздің атынан бақ сынауда. Ол байқаудың би көрсетілімінде ұлттық нақыштағы көйлектерді әлемге танытты.

221115_Auditions_81

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқаудың би көрсетілімдері басталып кетті. 117 елден келген қатысушылардыың әрқайсысы көрермендерді таң қылдыруға тырысып бағуда. Кейбірінің көйлектері 15 000 келіге жуық салмақ тартады. Ондай салмақты сахнаға алып шығудың өзі оңай емес.

Регина сахнаға алып шығатын көйлек қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың қолынан шыққан дүниелер екенін ескерте кетейік. Бұдан бұрын да хабарланғандай миллиондаған көрермен алдына шыққан қатысушылар сахналық әрі кешкілік көйлектерімен таң қалдыруы керек. Бұл талап бойынша Регина Sherri Hill голивудтық брендін таңдады. ал, күнделікті киім үлгілеріне Guess брендінің киімдерін таңдаған болатын.

“Әлем аруы – 2015″байқауының қорытындысы 19 желтоқсанда белгілі болады. Титулдың қазіргі иегері ОАР-ның аруы байқау тәжін биылғы жеңімпазға табыстайтын болады.

Байқауға аттанар алдында Регина  байқауға дайындығы жайлы Инстаграм парақшасында бөліскен болатын.

221115_Auditions_82

Талқылау