Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Реал” Роналдоны сатуға дайын екенін білдірді

Мадридтік “Реал” Криштиану Роналдоға қатысты жақсы ұсыныстарды қарастырып көруге дайын. Негізінде 80 миллион фунтты  (110 миллион евро) көздейді.

Real Madrid's Cristiano Ronaldo celebrates his goal against Osasuna during their Spanish First Division soccer match at Santiago Bernabeu stadium in Madrid April 26, 2014. REUTERS/Andrea Comas (SPAIN - Tags: SPORT SOCCER)

Өйткені, 2009 жылы дәл осындай соманы испан клубы “Манчестер Юнайтед”   шабуылшысына төлеген. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Роналду  бас тренер Рафаэль Бенитестің жұмыс тәсілдеріне көңілі тойлмайтынын білдірді. Португалия құрамасының футболшысы Бенитестің лайықты маман емес екендігін де атап өтіп,  “Бұл тренермен жұмыс істеп ешкімді жеңе алмаймыз” – деген болатын.

Бас тренерге көңілі  толмайтынын клубтың басқа жұлдызы Хамес Родригес те айтқан еді.

Рафаэль Бенитес “Реал” клубын осы жылдың жаз айында басқарған болатын. Испания чемпионатында 11 турдан кейін 24 ұпаймен “Барселонадан” 3 ұпайға жеңіліп, екінші орын алды.

Талқылау