Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Реал Мадрид” жұлдызы эстрада әншісі ретінде танылды (видео)

Мадридтік “Реалдың” вингері испаниялық Хесе Родригес бутсысын іліп, қолына микрофон алды.

mWTH7uoltlQ

Сурет vk.com

23 жастағы жартылай қорғаушы Хесе Родригес жылдам әрі техникалық тұрғыдан мықты футболшы ғана емес, сондай-ақ ән салуға да шебер. Ол үнемі ән айтып, бейнеклиптерге түсіп, латынамерикалық поп-жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді.

Жуық арада Корольдік клуб Испания чемпионатына кіріседі. Команданың бас бапкері Зинедин Зидан осы маусымда Хесені командадан көргісі келетінін мәлімдеді. Осылайша бапкердің сенімінен шыққан ойыншы, аз да болса өнерге көңіл бөлуді жөн санаса керек.

Музыка әлемінде Хесе Jey-M атауымен танылған. Испандықтың алдыңғы клипі Un Cuento de Hadas әніне түсіріліп, интернетте миллионнан астам рет қаралған. Ал бұл жолы Yo sabía әніне бейнебаян түсіріп, жұртшылық назарына ұсынды.

Бір тәулік ішінде клип 400 000 рет көрілген.

Талқылау