Рано Умарова тележүргізуші болды
Әнші, актриса Рано Умарова «Хит-ТВ» арнасына тележүргізуші болды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
“Бағдарлама кейіпкерлері елге белгілі тұлғалар: әншілер, әртістер, спортшылар, блогерлер болады. Біз бағдарламада саясаттан басқасының барлығын айтамыз” – деді Рано Умарова.
«Диалог» бағдарламасы әр жүмыс күндері болады. Әнші бағдарламаны Ай-керім Самалбекқызымен бірге жүргізеді. Сөйтіп, әнші өз жазылушыларын бағдарламаны көруге шақырған.
Талқылау