Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рано Омарова: Ана болу бақытын сөзбен жеткізе алмаймын

Бүгінгі таңда өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген әнші Рано Омарова мамырдың 6-сы күні түнгі сағат 11:20-да алғашқы перзентін дүниеге әкелді. Мерзімінен бұрын босағанған әнші қуанышымен бөліскен барша жанға алғыс білдірді.

IMG_0134

Фото: comode.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өнер жолынан бір қадам алыстап, өзін отбасылық өмірге арнаған Рано Омарова тұңғышын дүниеге әкелді. Бойы 52 см болып дүниеге келген ұлының есімін Әмірхан деп қойған. Рано осылайша сүйіктісі Арманның туған күніне арнап ерекше сый жасағанын айтады.

“Өзімнің титтей ғана бақытымды күтіп жүрген кезімде уақыт зымырап өтіп кетті. Бір кездері екеуіміз кездесетін күннің ауылы алыстап, уақыт жылжымай қойып еді. Міне алғашқы перзентімді қолыма алып, маңдайынан құшырлана сүйетін сәт те келді. Бұл сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Оны жүрегімде, жадымда, өмірімде мәңгілік сақтап өтемін. Мұндай бақ әрбір әйелге бұйырсын. Барлықтарыңызға ыстық лебіздеріңіз үшін алғыс білдіремін”, – деп Рано Омарова қуанышымен бөлісті.

Әнші босанардан бірнеше күн бұрын отандық басылымдардың біріне сұхбат беріп, фотосессия жасаған. “Бұл фото енді мұрағат болып қалады. Менің жансырым, менің жадым. Әрең дегенде үлгердік немесе дәл уақытында түсірдік”, – деп Омарова бұл іске атсалысқан жандарға шын жүректен алғысын жаудырды.

Жүктілік кезінде әнші 16 кг салмақ қосқан. Бірақ мұның өзіне ешқандай да артықтық етпейтінін айтады. Аяулы жар перзентінің әкесі туралы мәліметті бұл жолы да жасырып қалды. Әзірге сүйіктісінің есімі ғана белгілі.


Оқи отырыңыз:

Әнші Рано Омароваға сырға салынды

Желі қолданушылары Рано Омарованың іші білініп қалғанын айтты

Рано Омарова тұңғышына қалай дайындалып жүргенін көрсетті (видео)

Әнші Рано Омарова тұңғышын дүниеге әкелді

Талқылау