Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рано Омарова: Ана атанғалы барлығына үлгеретін әйелдерге қызығатын болдым

Әнші Рано Омарова араға біраз уақыт салып кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында бала бағып, үй шаруасымен қатар айналысудың қиынға соғып жүргенін айтты. Мұнымен қатар, барлығына үлгеретін аналардың алдында бас иетіндігін жеткізді.

image

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Ағымдағы жылдың көктемінде Рано Омароваға сырға салынған болатын. Десе де, жас жұбайлар үлкен тойды кейінге қалдырып, сәби күтіп жүргендерін жеткізген-ді. Артынша көп ұзамай Рано босанып, ұлды болды. Енді міне бала бағу мен үй шаруасымен айналысу өзіне қиындық тудырып жүрген сыңайлы. Ол барлығына бірдей үлгеріп, босана салысымен жұмысқа шығып кететін әйелдердің алдында бас иетіндігін жеткізді.

“Бүгін бір құрбым хабарласып, “Сен өзі тірісің бе?” деп сұрады. Мен тірімін, жағдайым да жақсы. Бірақ күндердің көз алдымда зымырап өтіп жатқанына қайран қаламын. Желіге сурет салмағаныма да бір апта болған екен. Ана болу оңай болмаса да, өзіме ұнайды. Осы уақытқа дейін тек ата-анамның еркесі, бауырымның әпкесі болып келдім. Енді тұңғышымның арқасында бірнеше жұмысты қатар алып жүруді үйреніп жатырмын.

Бастапқыда тек “Әмірханның анасы” деген атқа лайық болуға тырысатын едім, енді “Әмірханның анасы+үй шаруасындағы әйел” деген атқа лайық болуға тырысып жүрмін. Осы екеуін толығымен меңгеріп алған соң, жұмысымды да қолға алатын боламын. Әзірге қолымнан келмей жатыр. Сондықтан барлығын step by step тәртібінде меңгерудеміз.

Босана салысымен жұмысқа шығып кететін әйелдердің бар екені аңыз емес. Мұнымен қатар, олар құрбыларымен де жүздесіп үлгереді. Олардың алдында басымды иемін. Бұл, расымен де, жақсы іс! Мұндай адамдар менің құрбыларымның арасында да бар”, – дейді Рано Омарова. Ары қарай әнші жуырда танысқан құрбысының жақсы қасиеттерін жіпке тізді. Оның жеке сұлулық салонының бар екенін айтып өтті. Аталған салонға баруға да кеңес берді.

Рано осы уақытқа дейін ұлын қырқынан шығара салысымен, дүркіретіп той жасайтынын айтқан болатын. Әзірге үлкен тойдың болып, болмағаны белгісіз. Десе де, әнші өзінің бақыттан басының айналып жүргенін жеткізуде.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлын қырқынан шығарған Рано Омарова үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек

Рано Омарова: Ана болу бақытын сөзбен жеткізе алмаймын

Рано Омарова көпшілікке алғаш рет сүйіктісі мен сәбиін көрсетті (фото)

Рано Омарова тұңғышына қалай дайындалып жүргенін көрсетті (видео)

Талқылау