Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рамазан айында қандай әрекеттерден аулақ болған жөн?

Мұсылмандар үшін ерекше қасиетті Рамазан айында Орталық Азия елдері тұрғындары ораза ұстай бастады. Әрине, барлығы бірдей емес. Түсінікті себептерге орай өзге дін өкілдері ауыз бекітпейтіні белгілі. Исламға мойынсұнатын адамдар арасында да ораза кезінде ауызын тамақ пен судан тыймайтындар бар. Бұл бірінші кезекте қасиетті айдың үшінші жыл қатарынан ыстық жаз айларымен тұспа-тұс келуіне де байланысты.

33369_783374_15

Бұл туралы Open Asia хабарлайды.

Негізі ауыз бекітіп, тамақ пен судан тыйылған адамға күні бойы аш жүру оңай тимейді. Сондықтан оларға ерекше құрметпен, терең түсіністікпен қарау керек. Осы ретте назарларыңызға ораза ұстаған адамдарға мейлінше қандай кедергілерді келтірмеу керектігін айтатын тізімді ұсынамыз.

1. Мейлінше ораза ұстаған адамның қасында отырып тамақ ішпеу

4141

Егер сіз адамның ауызы берік екенін білсеңіз, мейлінше сіз де оның алдында су ішіп, тамақ жемегеніңіз дұрыс. Әрине, бұл қатып қалған қағида емес. Әрі көптеген ораза ұстаушылар өзге адамның ішіп-жеуіне қарсы да болмайды. Дегенмен, әдеп сақтаған дұрыс.

2. Ауызы берік адамды бизнес-ланчқа шақырмау

d7a1e632e3ecb5ff46f0c628354d7169

Іскер адамдардың көбісі жұмысқа байланысты мәселелерді бизнес-ланчта отырып шешкенді дұрыс көреді. Алайда Рамазан айында сіздің серіктесіңіз ораза емес пе, оған қаншалықты ыңғайлы екенін біліп алған жөн. Үлкен мейрамханада серігіңіздің сіздің ішіп-жегеніңізді жәй бақылап ғана отырғаны да ыңғайсыз.

3. Ауызашарға шақыру міндеттелмейді

ьтимс

Көптеген ауызын бекітпеген адамдар өзге ораза ұстағандарды ауызашарға шақыруды міндет деп санайды да керемет дастархан жаямын деп көп ақшасын құртады. Бұл тіпті де міндетті емес. Арнайы кешкі асқа шақырмағаныңыз үшін, ораза ұстаушы адам мүлде ренжімейді. Ол үшін өзіңізді кінәлі санап, оған хабарласып кешірім сұраудың да еш орайы жоқ.

4. Ал егер ауызашарға шақырсаңыз, не істемеу керек

83e6c8ed4f801defae6d73064f46fcf8

Егер досыңызды, танысыңызды ауызашарға шақырсаңыз, онда үстелге мейлінше манты, қуырдақ және ет тағамы секілді ауыр тағамдарды қоймаған абзал. Тамақ майлы, тұзды емес, тым тәтті де, тым ащы да емес болуы керек. Бұл сіздің серігіңіздің келесі күні өзін жақсы сезінуіне мүмкіндік береді. Ал негізгі тамақ ретінде сорпа, күріш қосылған тауық еті, басқа да асқазанға ауырлық түсірмейтін тамақтарды алдыртсаңыз құба-құп. Егер досыңыз тамақты тауысып жемей қойса да, қабақ шытпау керек.

5. Ораза ұстаған адамды тамақтандыру үшін, түнде ояну да міндетті емес

4545

Өзіңізді ауызы берік адаммен бірге оянып, тамақ беруге міндетті санамау керек. Ертерек, сәресі үшін тоңазытқышқа тамақтар салып қойсаңыз, ол адам өзі ысытып, ішіп алады. Айтпақшы, бұл тамақтардың да қатты ауыр болмауын ойластырып қойыңыз. Мәселен, кешке сүзбе, йогурт, түрлі жеміс-жидек жесе адам тойымды әрі сіңімді тамақтанады. Өзін жеңіл сезінеді. Сондай-ақ, кофе мен шәй де адам ағзасына ауыр тиеді, одан да қарапайым таза су ішсе дұрыс болмақ.

6, Жұмыста ашық-шашық киінбеу керек

7474

Егер сіздің әріптестеріңіздің ауызы берік болса, онда олардың алдында ашық киім киіп, ұятты әзілдер айтып, түскі асқа, темекі тартуға, кешкі ойын-сауыққа шақырудан сақ болыңыз. Осындай ыстық күнде ораза тұтып, парызын орындап жүрген адамға қай тұрғыдан да үлкен құрметпен қарасаңыз, тиімді іс сол болады.

7. Ораза ұстаған адаммен әзілдеспеу

5555

Ораза ұстамаған еркін адам өз әріптестерімен әзіл-қалжың айтып, көңілді отырғанды жөн көреді. Бұл серігіңіздің көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін. Мәселен, “бір жыл бойы күнә жасап, содан бір айда құтылмақшысың ба?”, “Әлі сегіз сағат бар, бұған қалай шыдайсың?” деген жеңілтек сөздердің ауызыңыздан шығып кетпеуін қадағалау қажет.

“Мұны арықтау үшін істеп жүрсің ғой?”

Мұсылмандар арықтау үшін емес, Алла разылығы үшін ораза ұстайды.

“Неге сен ауызыңды ашып жібердің?”

Мұсылмандарға әйелдер үшін босанғаннан кейінгі немесе етеккірі келген уақытта ораза ұстауға болмайды. Демек, мұсылмандар бір күні ораза ұстамай қалса, онда мұны жұмыста отырып талқылаудың қажеті жоқ.

“Орамал тағып алыпсың ғой, оразасың ба?”

Күнтізбенің қай сәті болмасын, орамал ислам дінінде әйелдер үшін міндетті киім түрі болып саналады.

“Сенің қарның ашып тұр ма?”

Ораза ұстаған мұсылман адамға тамақ туралы есіне салу әдепке жатпайды.

“Сенің тамақ ішкенің, ішпегенің Алла үшін бәрібір емес пе?”

Мұсылмандар әлемді жаратқан Аллаға сенеді, әрі Жаратушының разылығы мен мейірімі үшін ораза ұстап парызын өтейді.

“Сонда су да болмай ма?”

Иә, суды да тұтынуға болмайды.

Рамазан айының соңғы күнінде кімде-кім ораза ұстаса, соның барлық күнәсі кешіріледі дейді исламда. Сонымен қатар, ораза ұстаған адамды қасиетті ай аяқталған соң сыра ішіп, клубқа баруға шақырып әзілдеу өте дұрыс емес.

Талқылау