Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рактан өліп кетпеу үшін не істеу керек

Алдын ала тексерілу арқылы ракты қарапайым ем-доммен жеңуге болады. Яғни ауруды асқынбай тұрып және өзге органдарға тарап кеткенге дейін тоқтатудың жолы бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Жылдар бойы қиналмай, дәрі-дәрмекке ақша құртпай, өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтап қалу жолдарын біле жүріңіз.

Ауруды ерте бастан анықтау үшін бірнеше ережені білген жөн:

– Адам ағзадағы қандай өзгерістерге, симптомдар мен реакцияларға мән беру керектігін білуі қажет;

– Күмәнді белгілер пайда болған жағдайда, дәрігерге жедел арада қаралуға ынтасы болуы керек;

– Адам жасына, жынысына, генетикасы мен тұқымына қатысты ерте бастан тексерілу жолдарын біліп жүргені абзал;

Жалпы ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керектігін халқымыз бұрыннан айтады.

Дәрігер израильдік медицинада қолданылатын сипаттамалар туралы айтып берді. 

Қырық жастан асқаннан кейін адам жылына бір рет қан анализін тапсыруы керек. Мәселен, егер гемоглобин мөлшері төмендеп кеткен болса, дәрігер қан кету себебін асқазаннан, ішек жолдарынан немесе гемморой түйінінен іздейді. Мұнда сөз асқазан жарасы немесе онкология жайлы болуы мүмкін.

40 жастан асқан әйелдер жылына кемі екі рет маммографияға түсіп, жыл сайын гинеколог пен мамологтың қабылдауына барғаны дұрыс. Сондай-ақ, жатыр мойны обырына апарып соқтыратын папилома вирусына тексерілгені жөн.

50 жастан асқан ерлер қуықалды безі обырына тексерілу үшін қан тапсырып, жылына бір рет простатаға тексерілгені абзал.

50 жастан бастап ерлер де, әйелдер де жылына кемі бер рет гастро және колоноскопиядан өтуі қажет-ақ. Бұл тексеріс арқылы ерлер мен әйелдер обырға әкеп соқтыратын жабысқақты тексереді. Бұдан бөлек, жылына бір рет колоректальді ракты анықтау үшін үлкен дәрет анализін тапсырғаны дұрыс.

Сондай-ақ, терідегі меланоманы анықтау үшін жыл сайын дерматологқа тексеріліп тұру қажет.

Ағзадағы күмәнді деген кез келген өзгеріске жіті мән берген жөн: іштің қатуы, нәжіс түрінің өзгеруі, дәретхана қағазындағы қан ізі, әйел омырауының тығыздалуы немесе қатаюы, теріде дақтардың пайда болып, тез үлкеюі – мұның барлығы дәрігерге қаралу симптомдары.

Жылдар бойы емделіп, уақыт пен ақша жұмсағанша, бір сағатыңызды қиып дәрігерге қаралыңыз, қымбатты оқырман!

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлар науқас балаларға арнап жасанды құлақ шығара бастады

Ғалымдар күнбағыс майының зияны туралы айтты

АҚШ-та тұмау індеті: Шет елге шығатын қазақстандықтарға ескерту жарияланды

Көкшетауда дәрігерлер қауіпті синдроммен ауруханаға түскен сәбиді құтқарып қалды

Талқылау