БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рахман Омардың бірінші әйелінің өлімі: Айыпталушы қыз сотталды

Пәтер жалдаушының қолынан қаза тапқан Гүлдерайым Омарованың өліміне қатысты сот шешімі шықты, деп жазады Қазақпарат.

30 жастағы Ақтолқын Сүлейменова үй иесін өлтіргені үшін сотталды.

Айыпталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа тәртіптегі мекемеде өтейтін болды. Сонымен бірге жәбірленуші тарапқа 4 млн теңге, мемлекетке 2 154 299 теңге төлеуі тиіс.

Айта кетейік, актер Рахман Омардың бірінші әйелі пәтер жалдаушының қолынан қаза болған еді. Оқиға 25 маусым күні болды. Әйелдің мойнына 7 рет пышақ салған. Тергеу мәліметінше, қайғылы жағдай жанжалдан туған. Гүлдерайым Омарованың артында үш баласы қалды. Марқұм әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Оқиғадан соң айыпты қыз өзіне қол салмақ болды. Гүлдерайым Омарова алған жарақат салдарынан көз жұмған. Рахман Омардың өзі бұрынғы әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр