Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Рахат-Лукум” тобының экс-солисі АҚШ-та қалай тұрып жатыр

Бір кездері елімізге кеңінен танылған “Рахат-Лукум” тобының экс солисі Дана Асқар дәл қазір Америкада тұрып жатыр. Әнші аталған елде он жыл бойы отандастарын көрмеген қазақстандықтардың басын қосып, мерекелік отырыс ұйымдастырған екен.

85

Суреттер: жеке архивінен

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Рахат-Лукум” тобының экс-солисі Дана Асқар (Құсайынова) екі жылдан бері Майямиде тұрады. Жолдасы және екі баласымен бірге шетелде өмір сүруді көптен бері армандаған екен. Еуропаның бірнеше мемлекетін саяхаттап үлгерген қос ғашық, достары шақырып Америкаға барады. Майями оларға бірден ұнаған.

96

85217

855

“Ұзақ уақыт бойы үйрене алмай жүрдік. Қазақстанда көрші-қолаңмен араласып үйреніп қалған соң, мына жақта туыстарым мен достарымның жоқтығына сене алмадым. Бір күні достарды интернет арқылы іздеуге кірістім. Бастапқыда үш қазақстандық қызбен таныстым, артынша қатарымыз көбейе бастады. Facebook пен WhatsApр желісінде Florida.kz атты бірлестік құрдым”, – деп әнші отандастарын көп уақыт іздегенін айтты.

Майамидегі қазақтар бас қосып, ет, лағман, мәнті сынды тағамдар әзірлейді екен. Тіпті өткен жылы Наурызда барлығы бірінші рет кездесіп, мерекені атап өткен.

2

3

85227

147

852963

36

8596

“Көп адам көзіне жас алып тұрып бізге алғыстарын айтты. Олар Америкада 10 жыл тұрса да, отандастарымен кездеспеген екен. Мерекелік жиынға шамамен алпыс адамдай келді”, – деп әнші қуанышымен бөлісті.

1

4

2

4

3

Естеріңізге сала кетсек, “Рахат Лукум” тобы экс-әншісінің Наурызды АҚШ-та ерекше қарсы алмақшы екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау