Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Рахат Лукум” тобының экс-әншісі Наурызды АҚШ-та ерекше қарсы алмақ

“Рахат Лукум” тобының экс-әншісі, қазір АҚШ-та тұрып жатқан Дана Асқар өзінің құрбыларымен бірге Наурыз мерекесін атап өтуге дайындалуда.

^75B45F732B277F059AA8EED50D486E320E2F5523BA394483D0^pimgpsh_fullsize_distr

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Әрине, көбісі біз жәй ғана кездесіп, қыдырып қайтатын шығар деп ойлайды. Бірақ, бұл олай емес. Сыртта тұратын қазақтар үшін Наурыз – бұл ерекше мереке. Бұл күні халықтық дәстүрлерді еске түсіріп, Қазақстанға деген сағыныш еселеп артады”, – дейді Дана.

“Рахат Лукум” тобынан кеткеннен кейін Дана Асқар күйеуге шығып, екі жылдан астам уақыт Майамиде өмір сүріп жатыр.

“Америкада мен тамаша достар таптым. Біз былтыр Наурызды жақсылап атап өтеміз деп шешкенбіз. Мейрамды тойлауға 30 адам келеді деп жоспарлағанбыз, ал шын мәнінде екі есе көп адам келді. Өте көңілді өтті”, – дейді ол.

5edfb78a15c9e923d846afc597f5b29b

Дананың айтуынша, биылғы жылы АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Наурыз мерекесін 26-шы наурыз күні Флорида штатындағы Коконат Крик қаласында өткізеді. Салтанатты шараға 100 шақты қонақ шақырылған.

“Ұлттық тамақтар – бауырсақ, палау, самса, тағы басқа тағамдар болады. Қызықты сайыстар өткіземіз. Сондай-ақ, барлық қонақтар “Қара жорға” биін билейді”, – дейді Дана.

Варвара Соловей

Талқылау