Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Радиожүргізуші атанған алматылық бас есепші тағдырыңды өзгертудің әдісімен бөлісті

Алматылық Екатерина Черкашина жергілікті құрылыс компанияларының бірінде Бас есепші қызметін атқарып жүріп, мансабын өзгертіп, радиожүргізуші атанды. Айтуынша, бала кезінен бастап телевизия саласында жүргізуші болуды армандаған екен. Арманға жетудің жолдары, өзіңді қиындықтармен күресуге көндіру, тағы да басқа көкейтесті мәселелер жөнінде “Дала ФМ” радиотолқынының жүргізушісі STAN.KZ тілшісімен бөлісті.

– Екатерина, сіз бас есепші бола жүріп, қалайша радиожүргізуші болып кеттіңіз?

– Радиоға мен үлкен іріктеуден кейін келдім. Біраз уақыт күттім жауабын. Бірақ өз-өзіме сенің орның сонда, сен сонда жұмыс істейсің деп қайталап айтып отырудан жалықпадым. Сөйтіп өзім хабарласып, радионың бас редакторы Влад Длинновқа қоңырау шалып, не болып жатыр деп. Сөйтіп ол менің бірнеше адамның ішінде іріктеліп өтіп тұрғанымды айтты. Әрине, қуанышымда шек болмады. Мен адамның ойы, сенімі керемет нәрселер жасауға болатынын түсіндім. Іріктеу көп адамның ішінде жүргізілді, 20 шақты адам бір орынға үмітті болды.

– Сіздің радиожүргізуші болғанға дейінгі қызметіңіз қандай болды?

– Менің негізгі білімім экономикалық, аудит және есеп деген мамандық бойынша. Он жылда туған оқу орнымның қабырғасында оқытушы болып жұмыс істедім, кейін бас бухгалтер болып, басқа қызметке ауыстым. Бас бухгалтер ретінде мен 5 жыл жұмыс істедім, бірақ осы мерзім ішінде басқа орында отырғандай, мені шынжырмен байлап тастағандай сезінетінмін. Бұл жұмыстың мен үшін емес екенін түсіндім, бірақ сонымен қатар оқытушылық қызметімді қатар алып жүрдім. Оқытушылықты өте қатты жақсы көремін, түрлі адамдармен араласасың, студенттер келіп, алғыс айтқанда, тіпті керемет жақсы сезімдерге бөленіп қаласың.

– Мүлдем басқа салаға кетіп қалуға қорқыпадың ба?

– Жоқ, қорықпадым. Себебі менің балалық арманым тележаңалықтар мен радиода жүргізуші болу еді. Қасымдағы жақын адамдар әлі күнге дейін менің тележүргізуші болатыныма сенімдімін. Радиода жұмыс істеймін деп жоспарламадым, бірақ былай шыққанына өте қуаныштымын. Бірақ бірдеңеге талпыну, жаңа нәрселерді ашу, жаңа белестерді бағындыруға талпыну – ардайым қызық.

-Бас есепшілер жақсы жалақы алады деп есептелінеді. Қорықпадыңыз ба бұл мамандықта аз ақша аламын деп?

-Иә, мен де бухгалтерия өте ақшалы сала деп есептейтінмін. Егер сен тәжірибелі, халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар мықты маман болсаң ғана қомақты жалақы аласың. Әрине, жауапкершілігі де зор. Ірі компанияларда 600-800 мың аралығында, тіпті 1 миллионға дейін жалақы аласың, бірақ үйдің бетін көрмей, күндіз-түні еңбек етесің.

Бұл сала менікі болмағасын, мен өкінбеймін. Қазір кірісім біршама азайғанымен, уақытым көбейді, телевизия саласында қосымша жұмыс табылады деген сенімдемін. Қазір фильмдерде түсе бастадым. Ал қатардағы бухгалтер бола жүріп, жақсы жалақы алу мүмкін емес.

– Жүргізуші болу идеясы жалпы қалай туды? Дегенмен бухгалтерия мен радио екітүрлі сала ғой?

-Мен бала кезден түрлі шараларда мектепте жүргізуші болатынмын. Тіпті балабақшадан бастап өте белсенді болдым, мектеп бітіре сала КТК арнасында аз уақыт жұмыс істеп те үлгердім. Одан кейін оқуға түстім, бір белгі болар, біреу көмектесер деген сияқты оймен жүріп, арманымды жауып, оқытушылық қызметке үңілдім.

Соңғы қызметімде біздің директорымыз мені көрген сайын, сенде талант бар, шығармашылығың мен күш-қуатын бәрін шарпып тұр деп өзі Қазақстандық медиакадемияға жетектеп әкелді. Ол жерде Гүлбахор Хасановамен танысып, ол кісі бойымда қабілетім бар екенін көріп, оқу керек екенін айтты. Ол менің журналистік жолым радиодан басталса, қашпауым керектігін де айтып, былайша айтқанда маған нұсқауын, ақыл-кеңесін де берді.

Сөйтіп мен оқуды бастап кеттім, бір күні радиожурналист Любовь Панова, «Русское радионың» бас редакторы, бізге газет беріп, дауыстап оқуды сұрады. Менің мәнерлеп оқуымды естіп, қатты таңғалды. Артынан екеуміз, ролик жаздыртып, «Дала ФМ»-ге жібердік. Кейін өзім жолығып, студияға келіп, жаздырттым.

-Радиоға келгелі өміріңде не өзгерді?

-Медиасалаға келгеннен кейін, өмірің бұрынғыдай болмайды. Қазіргі өмір-тынысым өте қызық, жан-жақты болды десем қателеспеспін. Менің әр күнім қуанышқа, күш-қайратқа толы. Жұмысыма қуана-қуана келемін. Сонымен қатар мен отандық арналардың бірінен қазақ тілінде ауа-райын жүргіземін.

Сондай-ақ фильмдерде кішігірім рольдер пайда болды. Мен актрисалыққа ұмтылмадым, бірақ неге өзімді сынап көрмеске деп ойлаймын. Сонымен қатар мені қоршауым да өзгерді, қазір қасымда тек менің жетістіктеріме қуана білетін, «менің» адамдарым. Ең бастысы – мен өзім өзгердім. Гармонияға толдым, жүрегіме тыныштық орнады.

-Сұхбатыңызға рахмет, Екатерина! Жаңа белестерді бағындыра беріңіз!

Талқылау