Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Радиожүргізуші эфирді жүргізіп отырған кезінде үйіне кетіп қалып, өзіне қол жұмсаған

ВВС радиостансасының танымал жүргізушісі Вики Арчер осы жылдың тамыз айында өзіне қол жұмсаған. Ол қатты күйзеліп жүрген екен.

Радиожүргізуші эфирді жүргізіп отырған кезінде үйіне кетіп қалып, өзіне қол жұмсаған

ВВС басылымының мәліметінше, Шропшир қалалық соты 41 жастағы Арчердің өлімінің себебін жариялады. Белгілі болғандай, ол жұмыс қызып тұрған кезде әріптестеріне демалғысы келетінін айтып, үйіне кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

The Guardian мәліметі бойынша, радиожүргізуші эфирді жүргізіп отырған кезінде орнынан тұрып, студиядан кетіп қалыпты. Бірнеше сағаттан кейін ол өз үйінен өлі күйінде табылды.

Ол соңғы бірнеше жыл ішінде осымен өзіне 3 рет қол жұмсауға тырысыпты. Ол қызметіндегі мансабына қарамастан, ұзақ уақыт бойы күйзеліп жүрген. Ол өлімінен бірнеше апта бұрын жеке блогында өміріне шағымданып, мұңлы жазбалар қалдырған.

Сол күні өгей әкесі оның үйіне келіп, плитаны орнатуға көмектеспек болыпты. Алайда ол Арчерді өлі күйінде жатқан жерінен тапты. Тележүргізушінің артында 3 баласы қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау