Радио қызметкерлері күйеуі тастап кеткен жүкті әйелге таңғажайып тосынсый жасады

Радио қызметкері күйеуі тастап кеткен әйелге тосынсый жасап, үміт отын жақты.

Бұл туралы best-fan.ru басылымы хабарлайды.

Аманда мен күйеуі үш жылдан бері бала көтеруді жоспарлаған. Еңбектері нәтижесіз болғандықтан, келіншек үмітін үзген. Алайда күтпеген жерден таңғажайып орын алып, келіншек арманына қол жеткізеді. Көп ұзамай күйеуі екеуі жаңа үй сатып алып, баланың дүниеге келуін асыға күтеді.

Аманданың жүктілігінің сегізінші айында ерлі-зайыпты қатты ұрысып қалады. Жанжал ер адамның үйден кетіп қалуымен аяқталады. Жүрегі жараланып, Аманда қарыздың астында қалады.

Аманданың құрбысы Анна ерекше жоспар құрып, жүкті әйелге көмектесудің оңтайлы жолын ойлап табады. Анна құрбысына ескертпей оның оқиғасын KIIS 1065 радиошоуына баяндап береді.

Аманда аталған шоуға қатысып жатқанын білмеген. “Күйеуіммен айырылысқанымызға бес аптаға жуық уақыт болды. Мен қатты таңқалдым. Мұндай болады деп төрт ұйықтасам түсіме кірмеген екен”, – дейді ол.

Келіншектің қайғылы оқиғасын естіген радио қызметкерлері көп ұзамай оны тосынсыйларымен қуантады. Тікелей эфирден Аманданың үйінің ішін көрсетеді. Қызметкерлер Аманда эфирде отырған кезде үйіне жаңа тұрмыстық заттар кіргізіп үлгерген екен.

Сыйлықтарға алты ай тегін үй жинау және үш ай балаға тамақ әкелу қызметі қосылған. Ал асүйдегі тосын сый Аманданы еріксіз жылатып жіберді.


Жіберіп алмаңыз:

40 жастағы қалыңдық өз тойында марқұм ұлымен “қайта қауышты”

Жапон ауруханасындағы тамақтар желі қолданушыларын таңғалдырды (фото)

Студент қыз өзімен төсектес болғысы келетін жігіттермен суретке түсіп жүр (фото)

Аралары 60 жас: Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қос ғашық

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар