Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Радио арқылы танысқан жастар үйленетін болды (фото)

26 жастағы павлодарлық Азат Мамықанов пен 22 жастағы екібастұздық Жазира Ыбраева «Халық радиосы» арқылы танысып, бір айдан соң ерлі-зайыпты болады,-деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Жастардың агенттікке берген сұхбатында, олар бір айдан соң түрлі нәрселерге бір көзқараспен қарайтынын байқаған. Ал бес айдан соң ақтық мәреге шығып, бір-бірінің атаанасымен танысып, той жайын ойлай бастаған.

жар-жар

«Мен маркетологпын, ал Жазира техник-бағдарламашы. Қызмет саламыз да бірдей. Бірақ эфирге дейін әрбіреуіміз өз өмірімізді сүріп келдік. Мүмкін бір жерде кездескен де шығармыз. Дауыс беру қарқыны жоғары өтті. Бізге Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Өскемен қалаларындағы туысқандар мен достарымыз дауыс берді. Біз көп уайымдап, күніне 10 реттен Instagram-ға кіріп тексеріп жүрдік. Соңғы дауыс беру түні біз үшін ерекше болды. Біз тағатсыздана қорытындыны тостық. Негізі үйлену тойымыз сайысты женбесек те болар еді», – деді Азат.

жар-жар1

Естеріңізге сала кетсек, Азат пен Жазира «Жар-Жар» жобасына қатысып, 1570 дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Жастар «Ақ Отау» мейрамханасында жүз адамға той өткізу мен Тайландқа жолдама ұтып алды. Бұдан басқа, демеушілер жастардың тойға дайындық барысын толықтай өтейді. Мысалы, тістерін ағартудан бастап, қалындық пен күйеу жігіттің киіміне дейін. Сонымен қатар, асаба, суретке түсіруші, бейне-операторлары да тегін болады. Айта кетерлігі, үйлену тойы YouTube-та тікелей эфирде көрсетілетін болады

Жобаның екінші орнын 1159 дауыспен Николай мен Надежда иеленді. Олар демалысқа 25 мың теңге жеңілдік ұтып алды. Жастар жобаға қатысқанына қуанышты екенін алға тартты. Сондықтан, үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр.

Үшінші орынға 1037 дауыс жинап Біржан мен Айсана жайғасты. Олар кез-келген бағыттағы саяхатқа 15 мың теңге жеңілдік алды. Бұл жұп тамыз айының соңында өтетін той күнін де белгілеп қойған. «Жар-Жар» жобасы «Халық радиосы» эфирінде 1 ақпан күні басталды. Ереже бойынша кез-келген адам сауалнаманы толтырып жобаға қатыса алды. Осылайша, 550 қыз бен жігіт қатысуға ұсыныс жасаған. 25 жұп қосылып, алтауы ақтық мәреге шықты. Оларға Instagram желісінде дауыс берген.

 

 

 

Талқылау