Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qazkom-ды құтқару үшін 4,5 млрд доллар қажет болуы мүмкін

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Қазақстан еліміздегі ірі банкті құтқарудың алғашқы қадамы ретінде 1,5 трлн теңге (4,5 млрд доллар) көлемінде шұғыл қарыз берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

казком

Qazkom мен Ұлттық банк өкілдері пікір білдіруден бас тартқан. Аталмыш операция (банкті құтқару) – қазіргі таңда Казкоммерцбанк АҚ мен ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің талқылап жатқан баламаларының бірі және ол 7 жыл бұрын мемлекет банктің берешектерін өтеу мақсатында 20 млрд доллар бергені ірі оқиғаға саналды. Бұл жайт та солай болуы мүмкін.

S&P Global Ratings зерттеуінің мәліметіне сәйкес, Орталық Азия елдері қазіргі таңда қиын жағдайларды бастан өткеруде. Оған мұнай бағасының төмендеуі мен көрші Ресейдегі қаржы жүйесінің құлдырауы себеп. 15 желтоқсан күні Казкоммерцбанк ҚР Ұлттық банкінен өтімділікті қолдау мақсатымен 400 млрд теңге алған, деп хабарлайды жасырын дереккөздер. «Еліміздің ірі депозиттерді ұстаушысына жағдайды реттеу мәселесін соза рұқсат берілді. Қазіргі таңда банкті құтқарудың түрлі жолдары талқылануда», – деп атап өтті Bloomberg дереккөзі.

2014 жылы Казкоммерцбанк екі рет дефолтқа ұшыраған БТА Банкті сатып алу үшін 250 млрд теңге алған болатын. Соған қарамастан, ККБ сол жылдың қаңтар айынан бері мұнай бағасы төмендеп, теңге бағамы әлсіреген, экономикалық өсімнің азаюы салдарынан қарыздар мәселесін шеше алмады.

Талқылау