Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qazkom банкі линцезиясын өткізеді

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің бірі “Казкоммерцбанк” АҚ банктік лицензиясын өткізеді.

Қаржы институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі банк бірнеше айдан бері тәжірибелік жұмыс жүргізіп, енді «Халық банкі» барлық активтер мен Qazkom клиенттерінің міндеттерін алады.

«Бұл екі банкті біріктірудің тарихи үрдісінде жоспарланған кезең. Банктің шоттарын аударудан кейін, Казкоммерцбанк енді банктік лицензияға мұқтаж болмайды, сондықтан оны тапсыру туралы шешім қабылданды. Бұл заңды процедура активтерді біріктіруден кейін жүзеге асырылатын болады. Осы уақытқа дейін Казкоммерцбанк қалыпты режимде өз қызметін жалғастырады», – дейді «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

2018 жылдың 14 маусымында Алматы қаласында Казкоммерцбанк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Онда Казкоммерцбанктің лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ерікті түрде өтініш беру туралы шешім қабылданды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау