Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qazaq Banki салымшыларына жинақ ақшасы қашан қайтарыла бастайды

Алматы қалалық сотының биылғы жылдың 29 қарашсында түскен шағымды қайтаруымен байланысты, 12 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 24 қазандағы Qazaq Banki АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді. Ұлттық банк салымшылардың ақшасы қашан қайтарыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Qazaq Banki салымшыларына ақшасы қашан қайтарыла бастайды

Жеке және дара кәсіпкерлердің Qazaq Banki-тегі салымдарда орналастырылған, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өтетіп алу құқығы бар. Өтемақы жинақталған сыйақы ескеріле отырып, депозит бойынша қалдық сомасы шегінде, бірақ төмендегі ең көп кепілдік берілген сомадан аспайтын мөлшерде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың қаражатынан төленетін болады. Салымшыларға 10 миллион теңге ұлттық валютадағы депозиттер бойынша, 5 миллион теңге шетел валютасындағы депозиттер бойынша төленеді.

Бір салымшының Qazaq Banki АҚ-та теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған депозиттері бойынша жиынтығы 15 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – баламасы 5 миллион теңгеден аспайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: агент-банкте ақшаны нақты алу күніне қарамастан өтемақы сомасын есептеу үшін 2018 жылғы 12 желтоқсандағы айырбастау бағамы қолданылатын болады. Салымдар бойынша сыйақыны есептеу және капиталдандыру 2018 жылғы 12 желтоқсанда тоқтатылды.

Qazaq Banki АҚ-тың салымшыларына «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банк арқылы төлеу 2018 жылғы 24 желтоқсанда басталады. 2018 жылғы 24 желтоқсанға дейін «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ салымшылардың өтініштерін қабылдауға және кепілді өтемақы төлеуге құқылы емес.

«Банк ВТБ» АҚ ЕҰ агент-банкі өтемақыны алты ай ішінде төлейтін болады – 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 24 маусымға дейін. Ол үшін жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер – Qazaq Banki АҚ-тың клиенттері агент-банктің Қазақстан аумағындағы кез келген филиалына немесе бөлімшесіне жүгінуге құқылы.

ҚДКҚ арнайы резерв қаражаты есебінен «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ агент-банкін Qazaq Banki АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеу үшін толық көлемде ақша қаражатымен қамтамасыз етеді. Агент-банк Qazaq Banki АҚ салымшыларының өтініштерін агент-банкке ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға құқылы. Агент-банкке жарты жыл ішінде жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында тікелей өтемақы алуға құқылы.

Қазіргі кезде ҚДКҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған Qazaq Banki АҚ-тың тарату комиссиясы мына жұмысты жүргізуде:

  • Qazaq Banki АҚ-тың тарату комиссиясы Qazaq Banki АҚ-тың 18 246 салымшысының әрқайсысының алдындағы міндеттемелердің бірыңғай тізілімін, оның ішінде соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі теңгенің шетел валютасына қатысты айырбастау бағамы өзгеруін, салымдар бойынша сыйақыны есептеу мен капиталдандыруды, салымшылардың банк алдындағы міндеттемелеріне талаптарды өзара есепке алуды, сондай-ақ Qazaq Banki АҚ-ты лицензиясынан айырғаннан кейін келіп түскен ақшаны салымшылардың шоттарына есептеуді ескере отырып қалыптастырады;
  • ҚДКҚ тарату комиссиясынан салымшылар тізілімін алады, деректерді тексереді және Qazaq Banki АҚ салымшыларының алдындағы міндеттемелерді орындау үшін салымшылар тізілімін агент-банкке береді;
  • ҚДКҚ 20,4 миллиард теңге көлемінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі арнайы шотында ақшаны резервтеді, олар Qazaq Banki АҚ-тың 18 246 салымшылары алдындағы міндеттемелерін толық көлемде төлеу үшін агент-банкке аударылады.

Аталған іс-шаралар 2018 жылғы 24 желтоқсанға дейін аяқталатын болады.

24 желтоқсаннан бастап салымшылардың өтініш беруі және өтемақы алуы үшін  Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен қалаларындағы агент-банк филиалының және бөлімшесінің кез келген операциялық залына өтініш беруі қажет. Өзінде жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет, ал салымшыны сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы төлем қағидаларына сәйкес талап ету құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кіріс кассалық ордерлер талап етілмейді. Qazaq Banki АҚ салымшысының өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша өтініш беруге және өтемақы төлеуге рұқсат етіледі.

Qazaq Banki АҚ салымшыларының қолма-қол ақшаны агент-банктің кассасынан немесе қолданыстағы банктік шоттан қолма-қол ақшасыз аударым арқылы алуына болады. Qazaq Banki АҚ салымшылары агент-банктің қолданыстағы депозиттік бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент-банкте депозит немесе шот аша алады.

Qazaq Banki АҚ-тың 18 246 салымшысының ішінен 17 369 салымшының кепілдік берілген сома шегінде депозиттері бар және өтемақыны толық көлемде алады. 877 салымшының кепілдіктің ең жоғары сомасынан жоғары талаптары бар – бұл жағдайда агент-банктен өтемақы алумен қатар, олар (салымшылар) Qazaq Banki АҚ-тың тарату комиссиясына кепілдікпен өтелмейтін сомада өз талаптарын ұсынуға құқылы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау