Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Qazaq Banki» банкін тарату туралы сот шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсті

2018 жылдың 24 қазанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты “Qazaq Banki” АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған еді. Алайда соттың бұл шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсті, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Qazaq Banki» банкін тарату туралы сот шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсті

2018 жылғы 29 қарашада Соттың шешіміне апелляциялық шағым берілді және оны бірінші сатыдағы сот қарауға қабылдады.

Осылайша, соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Апелляциялық инстанцияның сотында істі қараудың ең ұзақ мерзімі – күнтізбелік екі ай. Егер апелляциялық инстанцияның соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаса, онда сот шешімі жария етілген кезде заңды күшіне енеді.

Осылайша, Міндетті кепілдік беру туралы заңға сәйкес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана салымшыларға өтемақы төлей бастайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Qazaq Banki» АҚ-тың барлық салымшыларына кепілді өтемақы төлеу үшін жеткілікті қаражатқа ие. «Qazaq Banki» АҚ-та жеке тұлға – 18 246 салымшының 20,8 миллиард теңге жалпы сомаға депозиттері орналастырылған. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен төлеу сомасы 20,4 миллиард теңге болады, бұл Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры резерві көлемінің 3%-нан аспайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау