Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

Елімізде Q-POP стилінде тағы бір әнші пайда болды. Ayree есімін жамылып шыққан жас әнші Әйгерім Рақыштың «Кешір мені» бейнебаяны елді тағы шулатты.

Screenshot_6

Шашын қызыл түске бояп шыққан бойжеткеннің жаңа туындысын эстрада жұлдыздары жарыса жарнамалап жатыр. Соның арқасында болар, шоу-бизнес көшіне жаңадан ілескен әншінің бейнебаянын бір күнде 20 мыңға жуық адам тамашалапты. Айта кетейік, әншінің бұған дейін “Шоу” деп аталатын бейнебаяны жарық көрген.

Тыңдармандардың кейбірі әншінің стилін, әнін, бейнебаянын жоғары бағалап, оңды бағасын берді. Ал ендігі желі қолданушылары әнге драйв, ал бейнебаянға қызықты сюжеттің жетіспейтіні айтты. Q-pop жанрының күн санап дамып жатқанына қуанған тыңдармандар жетерлік. Жаңа стильді қазаққа жат қылық деп санайтындар да баршылық. Ал сіз қайсысының қатарындасыз?


Жіберіп алмаңыз: 

Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Төреғалидің «Бір түрлі қыз» бейнебаяны жарық көрді (видео)

Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Талқылау