Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер көзі қырағы Алматы тұрғынына естелік сурет сыйлады

Алматы қаласы, Әуезов аудандық полициясы жалғыз өзі қарулы ұрыны қаймықпай ұстаған жергілікті тұрғынға алғысын білдірді. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

5-(1)

Қылмыстық оқиға кешкі уақытта көпқабатты үйлердің бірінің жанында сағат 9 шамасында болған. Сол кезде 27 жастағы Қанат Селиханов жұмыстан қайтып келе жатыпты.

7

«Көршімнің көлігінің қасынан өтіп бара жатып, ішінен ер адамды көрдім. Ол адам таныс емес еді. Бірден күдіктендім де, оның кім екенін білгім келіп сұрадым. Алайда ол нақты жауап берген жоқ. Сол кезде мен оны бірден ұстап алып, кетіп бара жатқан бір көршімнен полиция шақыруын сұрадым. Мен өз азаматтық парызымды орындадым. Бұл әркімге де жақсы үлгі болуы тиіс. Осы сәтті пайдаланып, мен отандастарды барынша мұқият болуға тырысуға шақырамын», – деді Қанат Селиханов.

6-(1)

Қылмыс орынына келіп жедел-тергеу тобы жұмысын бастаған кезде ғана Қанат, ұрының пышақпен қаруланғанын білген.

« Қаладағы тәртіпті сақтау жолында нағыз үлгі көрсеткен Қанат Селиханов мақтауға лайық. Мұндай жігіттер мақтау қағазы, естелік картина және ақшалай сыйлыққа да лайық деп бағалап отырмыз. Мұның бәрі жәй «қызыл сөз» емес, азаматтарды өздерінің адами парыздарын орындауға шақыру үшін. Мемлекет басшысының өзі құқық бұзушылық көрсең байқамай өтіп кетпеуге, күресуге шақырды. Ал Қанаттың әрекеті сол принциптің әсерлі дамуының дәлелі», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасы басшысы Бақыт Қасабеков.

9

Сондай-ақ, ІІД «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы азаматтардың қатысуы» туралы ҚР заңының жүзеге асырылуы үшін дайындалып жатқанын да атап өтті.

8

Жыл басынан бері қоғамдық көмекшілердің қатысуымен полиция 96 қылмысты ашып, 10 мың әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған. 1 тоқсан қорытындысы бойынша тәртіп сақшыларына көмек көрсеткен 401 адамға сыйлықтар табыс етіліп, жалпы саны 7 миллион 990 мың теңге алғыс білдіру мақсатында жұмсалған.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе әкімі жиналыста көзіне тығылған ұйқымен алысты (видео)

АҚШ президенті Трамптың Головкинді күтіп тұрған видеосы пайда болды (видео)

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Талқылау