Пуэрторикалық рэпер өлген досының мәйітімен бейнеролик түсірді (Видео)

Сәрсенбі, 27 Қаңтар , 2016 19:06

Пуэрторикалық Кинки (Kinki) есімді рэпер өзінің соңғы бейнеклипін дүниеден өткен досына арнады. Бір қызығы, әнші аталған клипке жолдасының мәйітімен бірге түскен.

c9d852ea4453552db995a0b142310e7e__560x

Қайтыс болған жігіттің есімі – Хенри Розарио Мартинес, ол да көзі тірісінде досымен рэп оқып, көше әндерін шығарған. Мартинес 19 қаңтар күні 31 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды деп жазады PrimeraHora газеті.

Басылымның хабарлауынша, Кинки досы қайтыс болғаннан кейін оның туыстарына барып, мәйітті қоштасамын деп алып кеткен екен.

7d67c5adb1b431eed12c29de94385df1__560x

“Мартинестің ең сүйікті ісі – покер ойнау болатын. Сондықтан жаңа клипті карта столының басында түсірдік. Екеумізден бөлек бейнеролик ішінде отызға жуық адам бар, барлығына мәйіттен қорықпай, өздерін көңілді ұстауын сұрадым. Өйткені, Мартинес көзі тірісінде өте көңілді жігіт болатын” дейді рэпер.

Бейнеклип түсірілімі аяқталғаннан кейін Мартинестің денесі өзінің туған қаласында жерленді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Ермек says:

    Мұсылмандар болса бұлвй істемес еді. Акымактар екен мыналар!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар