Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путиннің бұрынғы әйелі күйеуге шығып, тегін өзгертті

Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы жұбайы Людмила Путина екінші рет күйеуге шықты. 58 жастағы Людмиланың жаңа махаббаты 37 жастағы Тұлғааралық коммуникациялар даму орталығының басшысы Артур Очеретный екен.photo_175990

Бұл туралы “Собеседник” басылымы хабарлайды.

«Собеседник» журналы Людмила Путинаның Біріккен мемлекеттік тзімдегі жылжымайтын мүлік туралы ақпаратын тапқан. Онда Санкт-Петербургтағы пәтері бар екен. Бұл баспананы Путиндер отбасы 1995 жылы қаңтарда алған екен.

Құжатта көрсетілгендей, пәтердің аумағы 138,6 шаршы метр. Әу баста мүлік Владмири Путинге, оның әйелі Людмила мен екі қызына тиесілі болған. 1997 жылы пәтерді президенттің қайын енесі Екатерина Шкребневаның атына ауыстырады. Мұнан кейін баспана мұрагерлікпен Людмиланың әпкесі Ольга Цомаеваға ауысқан екен.

Талқылау