Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин: Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін

«Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін, бірақ Евроодақтың қателігін қайталамау керек. Мұндай қадамға Одаққа мүше елдердің экономикасы тұрақтанғанда бару керек», – деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

11662573

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Қызықты сұрақ деп ойлаймын: Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы енгізіле ме? Тіпті, маңызды сұрақ. Бұл мәселе де бір кездері іс жүзінде орындалуы мүмкін. Бірақ, Евразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикасы мен құрылымы дамығанда жүзеге асыру керек. Евроодақтың әр елдің экономикасы әр түрлі жағдайында ортақ валюта қабылдаған қателігін қайталамауыз қажет», – деді Путин.

Талқылау