Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Түркияның көкөністер беріп жанжалдан құтыла алмайтынын айтты

“Бұны тек Алла білетін шығар. Оларды жазалау үшін ақылынан адастырып, осындай әрекет жасатқан да Алла шығар”, – деді Владимир Путин.

Putin-reviziya-itogov-Vtoroy-mirovoy-voyny-nedopustima_prev_original

“Түркия билігі Сирияда қаза болған ресейлік әскери қызметкерлердің өлімі үшін жауап береді”, – деді Владимир Путин Федералды жиналыста. Сондай-ақ, ол Ресейдегі түрік халқының қонақжай ел екенін де атап өтті. “Түрік халқы – өте мейірімді, еңбекқор және таланны ел. Түркияда көптеген сенімді ескі достарымыз бар. Олар біздің Түркияға деген көзқарасымызды бәріне бірдей етіп қабылдамасын”, – деді Путин.

Ресей президенті Анкара әрекетін түсіне алмағанын да баса айтты. Келісіп орындаса, Мәскеу олармен бір мәмілеге келетінін де жеткізді.

“Бұны тек Алла білетін шығар. Оларды жазалау үшін ақылынан адастырып, осындай әрекет жасатқан да Алла шығар”, – деп ол.

Осыдан кейін де Ресей әр қадамына жауап бере алатын болады және ешкімнің “жүйкесіне тимейді”. Ал, егер кімде-кім осындай қылмыстарды атқара отырып, қызанақтарымен немесе құрылыс арқылы құтыламыз десе, қателеседі. Олар мұнысы үшін талай рет опық жейтін болады.

Мәскеу мен Анкара арасындағы қатыныс әуе кеңістігінде Түркия билігінің ресейлік СУ-24 ұшағын атып түсіруіне байланысты бұзылған еді. Түркия билігі Ресей ұшағының олардың әуе кеңістігін бұзғанын айтады. Бірақ, Ресей тарапы мұны жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, Ресей билігі “Ислам мемлекеті” террорлық ұйымымен келісім жасасқан Түркия басқарушыларын да кінәлі деп санайды. Түркия тарапы бұны рационалды түсініктеме беруге жатпайды деп санайды.

Талқылау