Путин Солтүстік Кореяға санкция салды

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 10:19

РФ президенті Владимир Путин БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің оқшаулау шарасы негізінде Солтүстік Кореяға қатысты шектеулерге қол қойды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Аталған құжат құқықтық ақпараттар порталында жарияланған. Президент сондай-ақ, Солтүстік Кореямен ғылыми-техникалық қарым-қатынасты тоқтатуға да тапсырма берді.

Солтүстік Корея халықаралық қауымдастықтың ескертпесіне қарамастан өзінің ракеталық және ядролық бағдарламасын дамытып жатыр. Аталмыш ел үшінші қыркүйек күні баллистикалық зымырандарды жабдықтау үшін сутекті жарылғыш заттарының сәтті сынақтан өткенін хабарлаған еді. Ал оған дейін бір апта бұрын Жапония аумағына қарай баллистикалық зымыран ұшырған.

Бұған жауап ретінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қатысты бірауыздан жаңа санкциялар енгізіп, ол бойынша КХДР-дың экспорттық және импорттық мүмкіндіктерін шектеген еді. Бұл БҰҰ-ның 21 ғасырдағы ең қатал санкциялық режимі ретінде жария болды.

Оқи отырыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің интимді суреттерін жұбайы мен балаларына жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар