Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин өзіне ұқсайтын адамдар жайлы сұраққа жауап берді

Ресей президенті Владимир Путинге оның жұмысын атқарып,президент атынан жүретін өзіне ұқсайтын адамдар керек емес. Бұл туралы президенттің өзі 17 желтоқсандағы баспасөз кездесуінен кейінгі үзілісте айтқан.

pic_6dfe3bb701783ad8c1fa8541b7b5f997

«Қайдағы ұқсас адамдар? Менің ешқандай егізім жоқ. Олар маған неге керек?»,-деді Ресей президенті.

Президенттің бұл сұрағына елдегі басылымдардың бірінің тілшісі қолындағы суретін көрсетті. Президент өзінен аумайтын адамның суретін алып, жымиған бойы  көпшіліктің алдынан кетіп қалды.

Осы жылдың сәуір айындағы тікелей эфирдегі сұрақ-жауап кезінде саясаткерге  өзін клондау жайлы сұрақ қойылған еді. Президент ол кезде де мұндайға түбегейлі қарсы екенін айтқан еді.

Есеп бойынша Путинның 11-ші кездесуі  3 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Путин 32 журналис қойған 47 сұраққа жауап берді. Олардың  ішіндегі 27 басылым ресейлік қалған бесеуі өзге елдің журналистері болды.

 

Талқылау