Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Назарбаевты не үшін бағалайды?

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ММХҚИ студенттерімен кездесу кезінде еуразиялық интеграция мен ҚР президентінің ондағы рөлі туралы айтты.

Путин Назарбаевты не үшін бағалайды?

Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Еуразиялық интеграция процесінің біздің елдердің қызығушылығына сәйкес келетіні сонша, елдерді кім басқаратынына қарамастан, оның әрі қарай дами беретінін 10 пайыз сенімділікпен айтуға болады», – дейді Песков.

Өз сөзінде РФ президентінің баспасөз хатшысы еуразиялық интеграцияның жолында мәселелер мен қиындықтар көп болатынын атап өтті. Себебі, бұл өте күрделі процесс, дейді ол.

«Алайда өмір бұл интеграцияның қажеттілігін көрсетеді. Бұл барлығымыз үшін тиімді», – дейді Песков.

Сонымен қатар ол Еуразия экономикалық одағының идесы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екенін еске салды.

«Владимир Путин мұны біледі және жақсы бағалайды. Ол бұл туралы оған (ред. Нұрсұлтан Назарбаевқа) үнемі айтып отырады», – дейді Дмитрий Песков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау