Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Назарбаевқа ескі газеттерді сыйға тартты

Ресей Президенті Владимир Путин 9 мамыр қарсаңында Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерліктері туралы жазылған газеттерді тапсырғандығы туралы айтты.

20160509165300

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Кеше кешке мен сол кезеңдегі қазақ халқының Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерліктері жайлы айтылған газеттерді  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырдым. Сіздің біздің арамызда қонағымыз болып отырғаңызға үлкен рахмет айтқымыз келеді”, – деді Путин Жеңіс күніне арналған салтанатты қабылдауда.

Путин 1941 жылы жауға қарсы көпұлтты Кеңес одағының халқы тұтастай қарсы тұрғанын еске салды.

“Жеңіс – бұл  біздің мызғымас бірлігімізді сынамақ болғысы келетіндерге үлкен ескерту. Біз халық тұтас көтерілген жағдайда мұның Отан соғысына айналатындығын білеміз. Ерлікке толы және қасіретті 1941 жылы тап  солай болды. Жаумен шайқасқа көпұлтты Кеңес одағының халқы тұтастай көтерілді”, – деп атап өтті Владимир Путин.


Оқи отырыңыз:

Ресейліктер ақшаға Путин мен Сталиннің суретін салуды ұсынады

Путин: Евразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін

Талқылау