Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Путин” фильмінің авторлары басты рөлге Ди Каприо таңдалды дегенді жоққа шығарды

Осыған дейін БАҚ беттерінде РФ президенті Владимир Путин туралы фильмнің басты рөлінде Леонарди Ди Каприоның ойнайтыны туралы ақпараттар шыққан еді. Бір сөзінде актердің өзі де бұл ұсынысқа кет әрі еместігін байқатқан. 9f30488a4cf90bd65a477d317446e2bd

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Көктемде түсіру жұмыстары басталатын «Путин» фильмінің кастингіне қазіргі таңда төрт актер қатысып жатыр екен. Бірақ, түсірілімді жүргізетін Knights bridge Entertainment кинокомпаниясы Ди Каприоға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.

«Біз ешқандай да өтініш жасаған жоқпыз. Леонардо Ди Каприо туралы ол ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Тек кастингке төрт актердің қатысып жатқанын, және жобаны «Оскар» иеленген режиссердің түсіретінін айта аламын», – деді кинокомпания өкілі Саарян.

Оның сөзінше «Путин» жобасы туралы ақпарат компанияның сайтында бір жылдан бері тұр екен.

«КГБ офицерінен, премьер-министр және президентікке жеткен. Аңыз-адам. Әлемдегі ең ықпалды әрі танымал адамның жеке өміріне көзқарас», – деп жазылған фильм жобасының ресми сайтында.

Мемлекет басшысы бұл жобаның дайындалып жатқанынан құлағдар болса да, компания мен президент әлі жобаның сценариі туралы жүзбе-жүз ақылдаспапты.

«Бұл келісіп жатуды қажет етпейді. Өйткені, көркем фильм. Президентпен бұл тақырып төңірегінде әңгімелеспедік. Кез-келген жағдайда сұрақ тудырған мәселелер компанияның заңгерлерімен ақылдасып шешіледі», – дейді Саарян.

Талқылау