Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин болашақ ізбасары жайында айтып берді

Ресей президенті Владимир Путин орыс халқын басқаратын президенттің қандай болуы керектігін 1 қыркүйекте Bloomberg-ке берген сұхбатында әңгімелеп берді.

xw_1079301

Фото: vesti.ru

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

“Ресей президенті барынша жас, бірақ ақыл тоқтатқан азамат болу керек”, – деп жауап берді Ресей басшысы Bloomberg-тің сәйкес қойған сұрағына.

Сондай-ақ Ресей елінің басшысы 2018 жылы сайлауға қатысатын-қатыспайтынын әлі шешпегенін жеткізді.

“Мен әзірге ешнәрсе шешкен жоқпын”, – деген саясаткер алдымен елде парламент сайлауын сәтті өткізіп алу мақсаты тұрғанын атап өтті.

“Алдымызда парламент сайлауын өткізу міндеті тұр. Осы сайлауды өткізіп, нәтижесіне қарау керек. Одан кейін де алдымызда шашамен екі жыл уақыт бар. Сондықтан бұл туралы қазір сөз қозғау асығыстық. Қазіргі құбылмалы әлемде бұл туралы айтудың өзі зиян”, – деп қосты Путин.

Талқылау