Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин АҚШ президентімен кездесуге кешігіп келді

Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге кешігіп келді.

Кездесу 16 шілде күні өтті. Дональд Трамп пен Владимир Путин келіссөз жүргізіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Путин сарайға жергілікті уақыт бойынша 13:00 келуі тиіс болған. Путин Финляндияға ұшып жеткенімен, ұшағы жарты сағатқа кеш қонды.

Кездесуге байланысты Арнольд Шварцнеггер АҚШ президентіне сын айтты.

Хельсинкиде өткен саммит екі ел басшысының толық форматтағы алғашқы кездесуі. Путин мен Трамп алғаш рет 2017 жылы Гамбургте G20 алаңында кездескен. Ол кезде 2 сағат 15 минут сөйлесті. Келіссөздің көп бөлігі жабық жүйеде өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау