Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пугачева мен Галкиннің үйінен хиджабқа оранған белгісіз әйел ұсталды

Ресейлік жұлдызды отбасыға енді қауіп төнуі мүмкін. Жұлдыздардың зәулім үйін қарауылдайтын күзетші дер уақытында полицияға шағым түсірген.

c3f815a9f87e161edc870c205ac2d08d

Фото: Ivona – bigmir)net

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Алла Пугачева Максим Галкинмен бірге Грязь ауылында 2011 жылдың жазынан бері тұрады. Жақын арада мұқият күзетшілер зәулім үйдің жанынан хиджаб таққан әйелді байқап қалған. Қап-қара болып тұмшаланған әйелдің қолында шағын сөмке болған.

Дереу жеткен полицейлер сол маңды қоршауға алып, жолды жауып тастаған. Кинологтар сөмкеде жарылғыш заттың бар-жоғын тексеріп жатқан кезде, тәртіп сақшылары хиджабтағы әйелдің әншінің үйіне қалай тап болғанын анықтауға кіріскен. Мәдина есімді әйел Ингушетия елінен бірден осы Грязь ауылына келіпті. Алайда неліктен Пугачева мен Галкиннің үйіне келгенін ол түсіндіріп бере алмаған.

0_2330e_e60cc835_XL

Өз үйінің жанынан белгісіз әйелдің ұсталғанын растаған Галкин, оның не мақсатпен жүргенін білмейтінін айтыпты.

“Мүмкін фанат шығар, мүмкін басқа мақсатта жүр ме, білмейміз. Тым кешқұрым уақыт кезінде байқалған. Полицейлер келіп маңайды қоршауға алып, қауіпсіздікті қадағалады”, – дейді жергілікті тұрғындар.

Оқи отырыңыз:

Айнұр Ілиясова ашық-шашық фотосессиясына қатысты пікір білдірді

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

Талқылау