Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пугачева гей-досына не деп уәде берген

Ресей эстрадасының жұлдызы Алла Пугачева швециялық танымал тележүргізуші Якоб Далиннің жақын досы болған. 80-жылдардың соңында танысқаннан кейін, әнші Стокгольмге жиі барып тұрыпты.

Pygacheva-galkin-kirkorov

Сурет forumdaily.com сайтынан алынды 

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Салмақты әрі талантты Якоб әншіге бірден ұнайды. Пугачева тіпті өзінің гей екенін жасырмаған тележүргізушіге ешқандай наразылық білдірмеген. «Мүмкін мендегі ең керемет сезім Якобқа ғашықтық шығар» деп әнші Галкинмен таныспай тұрып ағынан жарылған.

«Біз бірге тұрмадық. Бірақ, мен онсыз, ол менсіз тұра алмайтын еді. Мен Якобтың СПИД-пен ауыратынын бірінші болып білдім. Оның өліміне дейін қасында бірге болып, үш салмақты уәде берген болатынмын: «Евровидение» конкурсына қатысу, геймен бірге ән орындау және көгілдір еркекке тұрмысқа шығу».

«Мен «Евровидение» байқауына Якобтың атынан, барлық гейлердің атынан қатыстым. Осыған орай гей-қауымдастықтар менің жеңімпаз атануым үшін барларын салатынын, қолдайтындарын айтты. Бірақ, олай болмады. Саяси жағдайлардың кесірінен бірінші орынға жете алмадым», – дейді әнші.

1999 жылы Пугачева Далинге берген уәдесін орындау үшін, Лос-Анджелесте гейлермен бірге хор орындайды. Сол кезде ол «енді маған тек көгілдір еркекке тұрмысқа шығу ғана қалды» деген болатын.

Ұзақ уақыт бойы ол гей кім болуы мүмкін деп халық, Киркоровтан да, Галкиннен де күдіктеніп келді. Бірақ, Пугачева «егер адам жақсы болса, оған жыныстық көзқарасы еш әсер етпейді» деп ойлайтын.

«Мен бұл тақырыпқа қатысты жетік білмеймін. Ондай еркектердің бар екені рас! Тіпті отбасымен, балаларымен керемет өмір сүреді. Ал Максимге келетін болсақ, әрине басқаша. Ол – еркек. Якобқа берген уәдеме келетін болсақ, ол жәй ғана әзіл болатын», – дейді эстрада жұлдызы.

Талқылау