Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог пікірі: Өзін әкесі ұрмағанын айтқан баланың сөзі қаншалықты рас

Алматыда тал түбінен табылған баланың ісіне қатысты әлі де дау аяқталған жоқ. Есін жиған бала әкесінің өзін ұрғанын жоққа шығарып, көлік қаққанын түсіндірген еді.

Егер баланың ойын тергеу ісіне алатын болса, тәуелсіз психолог жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды 31 арна.

Баламен жұмыс істеген маман оның еске сақтау қабілеті қайта оралғанын айтады. Ол дұрыс сөйлей бастаған. Тек оның шынын айтып отырғанын анықтау мүмкін емес. Оған уақыт керек.

«Дұрыс сөйлеп үйреніп келеді. Бастапқыда тек ыммен сөйлейтін. Екі аптада сөздерді айта бастады. Оның жасында шындықты айтатынын, әлде айта алмайтынын анықтау мүмкін емес. Онымен анасы жұмыс істеді деп ойламаймын. Ол баласының денсаулығына көп алаңдаған секілді», – дейді балалар психологі Адия Ақмурзина.

Айта кетейік, баланың денсаулығы оңалып ауруханадан шығарылды. Бала өзін әкесі ұрғанын жоққа шығарып, көлік қақты деп түсіндірген еді.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 4 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Алайда, кейін баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Сот отырысында туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке істеген ісіне өкінетінін айтып, сотта жылап жіберген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау