Психолог материалдық жағдайдың тең болмауы ғашықтар өміріне қалай әсер ететінін түсіндірді

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 10:20

Қазақстандық психолог Марал Сарбасқызы ғашықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен сана-сезімінің тең дәрежеде болмауының отбасылық өмірге қалай әсер ететінін түсіндірді.

yq7LXuyh1Qk

Фото: ustazdar.kz (көрнекі сурет)

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Тең-теңімен, тезек қабымен” деген кезде үш аспектіні қарауымыз керек. Ең бастысы – қоршаған орта. Орта деп біз бірінші кезекте жанұяны айтамыз. Әрбір жанұяның өзіндік ережесі мен дәстүрлері болады. Мұнымен қатар, адамның толық немесе толық емес отбасында тәрбиеленуі үлкен рөл ойнайды. Бірақ, толық емес отбасыны ешуақытта кемсітуге болмайды. Ертең отбасын құрған кезде ата-енеңізбен бірге тұрасыз ба? Олар қандай адам? деген сынды мәселелерді алдын ала сараптап алу қажет.

Бұдан өзге адамның қоғаммен әрекет ететін ортасы бар. Жоғары білім алған және білім алып үлгермеген немесе білімді қажет етпеген адамның ортасы екі түрлі болады. Яғни екеуінің көзқарастары да әртүрлі болады. Осыны ескермесеңіз, ертең біріккен кезде қандай да бір кикілжің мен қақтығыс болуы мүмкін. Адамның материалдық жағдайы да кімдермен араласатындығын анықтайды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы екітүрлі қыз бен жігіттің ортасы әртүрлі болады.

Екінші орында махаббат тұр. Қыз бен жігіт арасында біреу жақсы көріп, екінші сүймеуі мүмкін. Яғни біреуі өзін сүйдіргенді қалайды, екіншісі сүйгенді қалайды. Сезімнің екі жақтан бірдей болуы қарым-қатынасқа тікелей әсер етеді. Үшінші орында материалдық жағдай тұрады. Егер қыз бала жігіттің материалдық жағдайына тез бейімделіп, ақшаны ретімен жұмсап отыратын болса, керемет отбасы шығады”, – дейді Марал Сарбасқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)

Гүлзира Айдарбекованың жаңа автокөлігі қызу талқыға түсті

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Бағлан Әбдірайымов көп әйел алуды заңдастыру керектігін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар