Психолог қазақтардың кенже баланы ата-анасымен қалдыру дәстүрін сынға алды

Қазақстан – қатал ата-аналардың мекені. ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сүйенсек, сауалнамаға қатысқан ересектердің 70%-ы өмірінде кемі бір рет баласына психологиялық немесе физикалық зорлық көрсеткенін мойындаған. Ең қызығы, қатысушылар тәрбиенің бұл тәсілін дұрыс санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Психолог кенже баланы ата-анасымен қалдыру дәстүрін сынға алды

ЮНИСЕФ жүргізген есепке сүйенсек, 2 мен 4 жас аралығындағы балалардың тең жартысы, 5 пен 9 жас аралығындағы балалардың 60%-ы отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Психологтардың пікірінше, тәрбиенің бұл тәсілі баланың өмірін улап қана қоймай, олардың толыққанды адам болып қалыптасуына кедергі келтіреді.

«Уландырғыш ата-аналар» – балаларының сезімі мен қалауын елемейтіндер. Мұндай ата-аналар балалары жасаған әр әрекетті жоққа шығарып, ұят пен айып сезімін санаға сіңдіру арқылы өз дегенін жасатады.
Бұл ата-аналар өзінің сырқатын сылтау етіп, ересек баласын өз жанында алып қалуға тырысады. Мұндай жағдайда адам өспейді, дамымайды, ұшқалақ болып қалады. Бұл нәрсе біздің қоғамда айқын көрініс тапқан. Бізде өз-өзіне жауап бере алмайтын ересек адамдар жетерлік”, – деп түсіндірді психолог Элла Чиркова.

Көптеген батыс елдерінде балалар мектеп бітіре салысымен ата-ананың үйінен кетеді. Университетке оқуға түскен соң, қосымша ақша табуға тырысып, жатақханада немесе достарымен пәтер жалдап тұрады. Тек қана ТМД елдерінде ата-анасымен бірге тұратын 40 жастағы еңгезердей азаматтарды кездестіруге болады. Психологтар мұны “ананың кіндігіне байланып қалғандық” немесе “ұядан ұшуға қорыққандық” деп атайды. Себебі ата-аналар сол күйі есейіп кеткен балаларына өздігінен “ұшуды” үйретпеген.

“Біздің мәдениетімізде ата-аналар ұзаққа дейін балаларын жанынан жібермейді. Бұл дәстүр бағзы заманнан бері келе жатыр. Байырғы кезден бастап үйдің кенжесі ата-анасымен бірге тұрған, себебі қиын-қыстау заманда өмір сүру қиын болған. Бірақ бүгінде жағдай басқаша. Ондай қиыншылықтар жоқ, байланыстың неше түрі пайда болды, бірақ дәстүр өзгермеді.

Бұл – өте үлкен проблема, себебі ата-ананың дер кезінде дұрыс тәрбие бермеуі трагедияға дейін алып баруы мүмкін. Әдетте ондай балалар күйзеліс пен психосоматикалық ауруларға душар болады. Үнемі бақылауда болғандықтан, олар қалаған ісімен айналыса алмайды немесе қалаған адамымен отбасын құра алмайды. Нәтижесінде мұндай адамдар жалғыз әрі дамымаған болып қалады”, – дейді психолог.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар