Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог Алматыда ер кісінінің басы мен қолын бөлшектенген адамның психотипін анықтады

Алматыда ер кісіні мүшелеген адам оны адам ретінде қабылдамаған. Мұндай болжамды психологиялық талдау маманы Оксана Гулак жасады.

287f1d9b80a39e2868fec8c4e0ed3739

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Бұл оқиғаның жай-жапсары туралы ақпарат аз, дегенмен бір нәрсе анық – психологиялық тұрғыда сау адам мұндайға бармайды. Адамға сондай қиянат жасау барысында кісі өлтірушіге оны адам ретінде санамау маңызды. Сондықтан ол осы психотипке жатады деп болжауға болады. Әдетте, ондай адамдар жұртқа жаны ашымайды, оларға қатысты сезім білдіре алмайды. Оның адамгершілігі жоқ, тұлға ретінде де қалыптаспаған», – деді Гулак.

Сарапшының ойынша, аталмыш істі жасаған адам күйзелісте болғаны анық, оның алдында тұрған адам ол үшін тұлға ретінде емес, зат немесе мақсат ретінде көрінеді.

«Есірткі мен алкоголь бақылау деңгейін төмендетеді. Сол кезде адам шынайылықты қабылдай алмай қалады. Біз көп болжам жасауымыз мүмкін, бірақ мұны істеген адамда шынайылық принциптері болмағаны анық. Аффект жағдайында болды немесе ол патологиялық психопат, оның өзіндік «эгосы» бұзылған. Өзге адамды тұлға ретінде қабылдайтын адам мұндайға бара алмайды», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Алматыда қоқыс жәшігінен адамның кесілген дене мүшелері табылды.

Үй-күйсіз адам Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылыстарындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен адамның басы және аяқ-қолдарын тауып алған. Қазір жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қоқыс жәшігінен кесілген адам басы мен қолы табылғанын хабарлаған едік. Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісіне қолы салыныпты. Кейіннен полицейлер Алматыда қоқыстан табылған басы кесілген адамның кім екенін анықтады.

Талқылау