Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурорлар әскерилердің қар көшкіні астында қаза табуын салғырттық деп бағалады

Қар көшкіні салдарынан әскери қызметкерлердің қаза табуы туралы істі “Қызметке салғырт қарау” бабы бойынша тергейді.

10771347

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жамбыл облысында жеті әскери қызметкердің қаза табуы бойынша сот алды тергеу ісі “Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау” бабына сәйкес жүргізіледі деп хабарлады бас әскери прокуратура баспасөз қызметі.

“Қорғаныс министрлігінің 91678 әскери бөлімінің жеті әскери қызметшілерінің Жамбыл обылысы Көксай шатқалында жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында қаза болуына байланысты 17 ақпанда Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды”, — делінген хабарламада. Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі кезде аталған төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу бақылауға алынды. Тергеудің нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда мылқау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Талқылау