Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор Ермегияевты сот залында тұтқындауды сұрады

Атышулы “ЭКСПО ісі” аяқталуға жақын! Бүгін прокурорлар судьядан Талғат Ермегияевты 14 жылға түрмеге жабуды сұрады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

11546109

Сурет newskaz.ru

Бұдан бөлек, “ЭКСПО-ның” экс-төрағасының қымбат пәтерлері, коттедж бен жер телімдері секілді дүние-мүлкі тәркіленіп, ал жазасын қатаң тәртіптегі абақтыда өтеуі тиіс. Сондай-ақ, прокуратура оның бюджет ақшасын бірге ұрлаған орынбасарлары мен ондаған кәсіпкердің бәрін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, сот залында тұтқындауды сұрап отыр.

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ермегияев бастаған бірқатар топ-менеджерге көрме құрылысына бөлінген қазынаның 10 миллиард теңгесін жеді деп бірнеше бап бойынша айып таққан. Тергеу материалдарына қарағанда оның 4 миллиардын пара ретінде Ермегияевтың өзі алыпты. Алайда ол кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

Талқылау