Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін Жамбыл облысының ауданаралық мамандандырылған сотында Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыптаушы тарап Әблязовті банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Мұхтар Әблязов

«Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовті 1997 жылғы редакциядағы ҚК-ның 28-бабы 3-тармағы, 96-бабы 2-тармағында қарастырылған қылмыс жасады деп мойындап, соған сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрайды», – дейді прокурор.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралып жатыр. Іс бойынша Мұхтар Әблязов айыпталып отыр. Сот тыңдалымдары Әблязовтің қатысуынсыз өтуде.  Аталған іс бойынша 60-қа жуық куәгер өтіп жатыр. Олардан сотта жауап алынуда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау